Өрт сөндіруші екі баланы оттан аман алып қалды

421

7 наурыз күні сағат 10:18-де Жетісу облысы, Үшарал қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі пәтер отқа оранған.    

Өрт сөндіруші екі баланы оттан аман алып қалды Фото: Бейнеден кадр

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан, деп жазады inbusiness.kz.

"Қабылданған шаралар барысында баспалдақ маршы арқылы екі азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы екі бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі.

20 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 10:57-де толықтай сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу