Бүгін сағат 06:55-те "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдардың арқасында ауыздықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалынның жалпы аумағы - 4,7 га. Өрттің алдын ала себебі - найзағай түсуден деп болжанды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 6 шілдеде сағат 16.10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ашық алаңда құрғақ шөптер мен бұталардың өртенгені туралы хабарлама түскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу