Жол-көлік апатынан 5 өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді

775

Жол-көлік апатынан 5 өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді

ШҚО Риддер қаласында жол-көлік апатынан 5 өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомстваның мәліметінше, өткен жексенбіде өрт сөндірушілер көлігі өрт сөндіруге бара жатқан жолда аударылып қалып, құтқарушылар әр түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Көлікте болған 7 адамның 5-уі ауруханаға жеткізілген. Алған жарақатынан 46 жастағы СПЧ-4 бөлімінің командирі Владимир Синельников көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу