Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

1537

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

ІІМ Төтенше жағдай комитетінің құтқарушылары қысқы кезеңдегі қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қысқы кезеңдегі қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін сегіз өрт сөндіруші мен құтқарушы "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

2020 жылғы 12-ақпанда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев салтанатты түрде Ақмола облысы ТЖД Ерейментау ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Ерлан Айдрахмановқа, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД офицері Бауыржан Ахметалинге, Қарағанды облысы ТЖД 2-МӨСБ жүргізушісі Мирас Қоспанбетовке, Ақтөбе облысы ТЖД 7-ӨСБ жүргізушісі Айбек Майкуповқа, Павлодар облысы ТЖД 1- МӨСБ аға өрт сөндірушісі Максим Марейчевке, Қостанай облысы ТЖД Арқалық қаласы ТЖ бөлімінің бас маманы Асылхан Нұрғалиевке, Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советовке, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД 40-ӨСБ жүргізушісі Асхат Шандақпаевқа наградаларды табыс етті.

Сонымен қатар, жеті қызметкерге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 11-ӨСБ аға өрт сөндірушісі Ерсін Аяшовқа, Ақмола облысы ТЖД 1-МӨСБ бастығының орынбасары Ұлан Бейсембаевқа, Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Марат Галинға, Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Наурыз Қаппасовқа, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Виталий Кривоносовқа, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі Сағит Махсотқа, Қарағанды облысы ТЖД № 17 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Вячеслав Сыропятовқа Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.

Биылғы жылғы 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында құтқарушылар, полиция мен жол қызметтерінің қызметкерлері жолда қалған 3 889 адамды, оның ішінде 373 баланы құтқарды, 4 255 адамды, оның ішінде 277 баланы эвакуациялады, 3 432 бірлік техниканы қардан шығарды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу