Жоба "Ашық НҚА" порталында 8 қыркүйекке дейін талқылауға салынған, деп жазады Inbusiness.kz.
"Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығына енгізілетін өзгеріс нәтижесінде орман күзеті қызметкерлер қатары толығады.
"5. Мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне теңестiрiледi:
функциялары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/54 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10408 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесімен регламенттелген мемлекеттік орман иеленушілерінің орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері", — делінген жобада.
Жоба 8 қыркүйекке дейін талқыланады.