Өрт сөндірушілер шекарадағы өртпен 10 күн алысты

737

Атырау облысының Ресей шектесетін аумағында қамыс өртеніп, он күн дегенде ғана толығымен жойылды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Өрт сөндірушілер шекарадағы өртпен 10 күн алысты

Айта кетейік, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 5 қазанді тіркелген. Батпақты жерге баратын көлік болмағандықтан төтенше жағдай қызметі жалынды әуеден су шашып, жаяу барып өшіруге мәжбүр болды. Бірақ тілсіз жау желмен қайтадан өршіп, әлекке салды.

Белгілі болғандай, өрт шарпыған 550 га аумақтың ішінде тікұшақтың көмегімен 35 га сөндірілген, 272 га жойылып, 243 га өздігінен жойылған. Зардап шеккендер жоқ.

"Өрт аумағы "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүзеге асырылды, жеке құрамды ауыстыру және су ағызу құрылғысымен (ВСУ-5) жанудың жету қиын учаскелеріне су жіберу жүргізілді. 63 тоннадан астам су ағызылды", – деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Сондай-ақ Құрманғазы ауданының басшылығы да өрт сөндірушілерген азық-түлік өнімдерін жеткізіп, жанар-жағар маймен үздікіз қамтамасыз етіп тұрған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу