Өрт сөндірушілер Ұлытау ауданында тағы бір табиғи өртпен күресіп жатыр

1032

Алдын ала таратылған мәлімет бойынша тілсіз жау 4 мың га аумақты жайлаған, деп хабарлайды inbusinnes.kz порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер Ұлытау ауданында тағы бір табиғи өртпен күресіп жатыр

Министрліктен хабарланғандай, өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында табиғи өрт оқиғалары тіркелген. Өрт сөндірушілер қазірге дейін жалпы ауқымы 142 га құраған дала өртін сөндіріп үлгерді.
Өрт сөндірушілер табиғи өртті сөндіру жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр. 

"Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны 229 адам мен 66 техника. Елді мекендерге қауіп жоқ", - деп хабарлайды министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу