Өрт сөндірушілердің айлығы өсе ме?

680

Қазіргі таңда бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін болмай отыр.

Өрт сөндірушілердің айлығы өсе ме? Фото: Inbusiness.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндірушілердің жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Осы жылы өрт сөндірушілердің жалақысы көтеріле ме? Оған бюджеттен қанша қаржы қарастырылған?" деп сұрады.

"2023 жылы 1 қаңтардан жалақы аздап көтерілді. Мысалға, ең төмен жалақы өрт сөндіруші сержантында – 180 мың теңге. Бұл аз деп мойындаймын. Бұл мәселе біздің министрліктің ойында бар. (Жалақыны) көтеруге қадам жасап жатырмыз. Қазіргі жағдайда Қазақстанда 18 мыңға жуық өрт сөндіруші бар. Олардың бәрінің жалақысын бір мезгілде көтеру бүгінгі күнде мүмкін емес. Бірақ ақырындап қадам жасаймыз", - деді ведомство басшысы Үкіметте өткен брифингте.

Шыңғыс Әріновтің сөзінше, өрт сөндірушілердің жалақысын көтеруге қанша қаржы қажеттігі туралы есеп жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу