Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға өседі

1067

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға көтерілетіні туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға өседі Фото: malim.kz

"Осыдан үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде біздің қызметкерлердің жалақысы 65 мың теңге болған. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңгені құрап отыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

"Қатардағы қызметкерлердің жалақысы 70 пайызға өседі. Ал, басшылық үшін, яғни өрт сөндіру қызметінің басшылары, төтенше жағдайлар қызметінің басшыларының жалақысы 10 пайызға көтеріледі", - деп түсіндірді Ю.Ильин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу