Астанада Құтқарушылар күніне орай елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Саят Сапарбекұлы Абеевтің есімі берілген көшеге естелік тақта орнатылды, деп жазады inbusiness.kz
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, ол 2010 жылы 17 ақпанда азаматтық қорғаныс мүліктері сақталған бомбапанада тұтанған өртті сөндіру кезінде қайтыс болған үш өрт сөндірушінің бірі. Еске алу іс-шарасы аясында Саят Сапарбекұлының туыстары, азаматтық қорғау органдары ардагерлері, мен ТЖД қызметкерлері ағаш отырғызды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу