Орта Азия елдеріне ескерту: Ресейдің СІМ мәлімдеме жасады

576

Ресей ТМД мен Орталық Азия елдерін Батыс мемлекеттерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады.  

Орта Азия елдеріне ескерту: Ресейдің СІМ мәлімдеме жасады Фото: avatars.mds.yandex.net

Бұл туралы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Галузиннің айтуынша, Ресей мен оның Орталық Азиялық достары АҚШ-тың берген көмегінің жоғары құнын біледі.

"Мысалы, жақында АҚШ-тың Ауғанстандағы жыры немен аяқталды? Құлаған қалалар мен жылап қалған халықтан басқа ештеңе жоқ. Қазіргі заманғы, барған сайын көп полярлыққа ұмтылған әлемде Америка Құрама Штаттарының демократиялық эксперименттеріне орын жоқ, олардың нәтижесі үнемі түрлі-түсті революциялармен аяқталады", - деп қосты ол.

Бұған дейін хабарланғандай, 28 ақпаннан 3 наурызға дейін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сапармен келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу