Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады", - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.