Орта бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызды құрайды

1077

 Орта бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызды құрайды

Оңтүстікте өз кәсібін ашып, қаржыға ие болғысы келгендер "Нұр Отан" партиясы филиалының ғимаратында жиналды. Әрбірі өз идеяларын ұсынып, оны жүзеге асыруға тырысады. Оларға бағдарламаның шартын ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Майра Айсина түсіндірді, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Бүгінгі қоғамда кәсіпкерлердің 60 пайызын әйелдер құрайды. Ал, орта бизнесте нәзікжандылардың үлесі - 50 пайыз. Шалғайдағы әйелдерді іскерлікке баулу үшін 2013 жылдан бастап, семинар-тренингтер өткізіле бастады. Осы аралықта, 9 мыңға жуық әйел қатысып, оның 41-не 4 мың АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілді.

"Оңтүстіктің әйелдері бизнеске бейімделген. Үй шаруасымен бірге, өз кәсібін үйде отырып дөңгелетіп, ақша табуына болады", -дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу