Орта есеппен жан басына шаққандағы табыс 5,4%-ға өсті

1544

Бұл бір жыл ішіндегі инфляцияны есепке алғандағы көрсеткіш.

Орта есеппен жан басына шаққандағы табыс 5,4%-ға өсті

Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. Өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табыстарының ең жоғары және ең төменгі мәндерінің арасындағы айырмашылық 4,4 есеге жеткен.

2019 жылдың үшінші тоқсанында  ҚР халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табысы 105,3 мың теңге болды. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 11,1%-ға артық. Тұтынушылық тауарлар мен қызмет бағаларының 5,4%-ға артуы тұрғындардың ақшалай табысының 5,4%-ға көтерілуіне әсер етті.

Соңғы бес жылда орташа есеппен алғанда халықтың атаулы табысы бір жылда 10,9%-ға өсіп отырған.

2019 жылдың үшінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққандағы табыстың ең максималды мөлшері Атырау облысында тіркелген: 221,3 мың теңге. Аймақтағы атаулы табыс бір жылда 8,9%-ға өскен. Келесі орында Нұр-Сұлтан қаласы: 169,5 мың теңге. Үшіншісі –Алматы қаласы:150,4 мың теңге. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау облысы(141,9 мың теңге) және Қарағанды облысы(107,7 мың теңге). Ал табыстың ең минималды мөлшері Түркістан облысында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу