"Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде орта кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленеді", – деді Әлібек Қуантыров.
Салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған жұмыс шеңберінде саланың басымдығы мен рентабельділігіне қарай қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы ставкаларын саралау мәселесі пысықталады.
"Тарифті инвестицияларға айырбастау" қағидатына сәйкес, тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын (20%-ға дейін) төмендету жұмысы басталды. Бұл авариялардың санын азайтуға және қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді.
"Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру болады", – деді министр.
Ол үшін:
- әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу;
- жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру;
- сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру;
- техника мен жабдықтың лизингін қамтамасыз ету шаралары іске асырылады.