"Ортада бала бар": Жанқош Тұрардың тағы бір қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады

2285

Кәсіпқой боксшыға қатысты тың мәлімет жарияланды. 

"Ортада бала бар": Жанқош Тұрардың тағы бір қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады Фото: Коллаж: inbusiness.kz / Жеке парақшасынан и бейнежазбадан

Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша жәбірленуші Әнару Құрманәлінің ресми қорғаушысы, заңгер Ләззат Ахатова бірқатар мәліметтерді айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңгердің жазуынша, Әнаруға мұндай қадамға бару оңайға соқпаған. 

"Қыз қатты күйзелісте жүргендіктен, сұхбатта ойын жинақтай алмай, көп нәрсені айта алмаған. Өзіне бүкіл әлем түсінбей, қарсы болатындай, тіпті суицид жасардың алдында айтып кетем деген ой болған сияқты. Дегенмен мықты екен. Буллингке қарсы тұрудың өзі мықтылық қой. Қазір сіздердің қолдауларыңызды сезініп, өзіне келе бастады. Көңіл-күйі де жақсарып, ашыла бастады", - деп жазды Ләззат Ахатова Facebook-тегі парақшасында.

Заңгер іске қатысты бірқатар мәліметтерді атап өтті. Сөзінше, Әнару Қалдыбекқызы Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы Алмалы аудандық полиция бөліміне арыз берген.

"Бір күн қамауда ұстап, арызын қабылдамай, жіберген. Қамап, босатып жіберген. Куә болған құрбысы бар. Қажет болса, тергеуге де, сотқа да барып, куәлік ете алам деп отыр. Бұл бір. Екінші рет 2023 жылы жәбірленуші Тұраровқа қарым-қатынасты тоқтататынын айтып, енді жайына қалдырмаса, үстінен арыз жазатынын айтқан. Артынша көшеде Әнаруды полицейлер ұстап, машинаға салып, Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып келіп, бірнеше сағат ұрып-соғып, электрошокермен күйдіріп, қинаған. Себеп-салдарын айтпаған. Не болғанын да түсінбеген Әнару Қалдыбекқызы ұрып-соққан полиция қызметкерінің үстінен арыз түсірген. Іс сол күйі жабылып кеткен. Қайта арызданатын боламыз", - деп жалғастырды ресми қорғаушы. 

Ләззат Ахатова осы оқиғалар бойынша тиісті мекемелерге ресми адвокаттық сауалдар жолдайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек ол Жанқош Тұраровтың адвокаты айтқан "арыз жазуға жәбірленуші мас болып келіп, киімін жыртып, бейәдеп қылықтар көрсетті" деген уәжі бойынша да түсінік берді.

"Сол күні арыз жазатынын Тұраровтың әйелі білген. Әнаруды арыз жазуға итермелеген тағы бір жағдай - боксердың әйелінің қорлаған сөздері. Екеуінің перепискасы бар. Мұнда сала алмаймын, тергеуге, сотқа дәлел ретінде өткіземіз. Әуезов аудандық полиция бөліміне келгенде, Әнарудың алдынан екі қыз шығып, "сен бе Жанқоштың үстінен арыз жазбақшы боп жатқан шалава?" деп провокация жасап, футболкасын жыртып, видеоға түсіріп алған. Ол екі қызды полиция қызметкерлері қарсы алғанын көргендер де бар. Соған қарағанда, бұл да ұйымдастырылған нәрсе деп топшылаймын", - деп атап өтті ол.

Заңгер Ләззат Ахатова кәсіпқой боксшыға қатысты тағы бір ақпарат жариялады.

"Жанқош Тұраров 2014 жылы тағы бір қызды қонақ үйге апарып, сусынға дәрі қосып беріп, арам ойын жүзеге асырған екен. Ол қыздың боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда орын алған. Келіншектің өзі шықты бізге. Барлық жағдайын айтып, Әнаруға қолдау білдірді. 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық", - делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу