"Ортада бала болса, бәрі өзгереді деп сенді": Нүкенованың ағасы қарындасы мен Бишімбаевтың арақатынасы туралы айтты

10688

Оның айтуынша, осы қарым-қатынаста Салтанаттың рухы сынған. 

"Ортада бала болса, бәрі өзгереді деп сенді": Нүкенованың ағасы қарындасы мен Бишімбаевтың арақатынасы туралы айтты Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді ресейлік журналист Елена Погребижскаяға сұхбат беріп, марқұм қарындасы мен Бишімбаевтың қарым-қатынасына туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Салатанат отбасылық өмірге аса жауапкершілікпен қарағандықтан, тұрмыс құруға асықпаған. Онда неке мәңгілік болуы керек деген түсінік болған.

Алғашында Салтанатқа Бишімбаев мүлдем ұнамаған. Экс-министр оның типажындағы жігіт болмаған, бірақ ол сонда да арудың көңілін табудың бар амалын жасапты. 

Салтанаттың отбасы Бишімбаевтың жемқорлық үшін сотты болғанын біліп, арақатынасқа қарсы болған. Алайда Салтанат “бұл өтірік, сенбеңіздер, оған жала жапқан” деп олардың ойын өзгертуге тырысыпты.

Оның айтуынша, осы қарым-қатынаста Салтанаттың рухы сынған. Ол “мен танитын, мен білетін Салтанат өзіне қол көтертіп қоймас еді, мұндай арақатынасты шыдамас еді” дейді ол. Айтбек Салтанатты психологқа апарып, ажырасуға көндірмек болған. Алайда Нүкенован жағдай жақсаратынына сенген.

“Оның өмірі өте ауыр болды, ол жалғыз, мен оны аяймын. Менен кешірім сұрап, бар махаббатын білдіріп жүр. Оның достары да жоқ, ол жалғызсырап қалады” дейтін. Салтанат астрологиялық талдау кезінде жағымсыз танымалдылықты көрді және жақын адамының өлімін болжады. Ол Қуандық өледі деп ойлап, өмірінің соңғы күндерінде жанында болғысы келді”, – деді Айтбек Амангелді. 

Сондай-ақ ол балалы болуды қалаған. Сөзінше, ортада бала пайда болса, бәрі өзгереді дегенге сенген. 

Айтбек Амангелді қарындасы Бишімбаевтың ақшасына қызықты, оған қаржылай тәуелді болды деген ойларды жоққа шығарды. Айтуынша, Нүкенованың 3 сағаттық консультациясы бес мыңнан 80 мыңға дейін болған. Соның арқасында күніне кемінде 150 мың теңге табыс тапқан. Себебі клиенттері көп болыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу