Ортақ шешім табуға бейбіт қол жеткізе аламыз - Нұрсұлтан Назарбаев

685

Ортақ шешім табуға бейбіт қол жеткізе аламыз - Нұрсұлтан Назарбаев

2007-2008 жылдардан басталған үлкен дағдарысты, басқасы басқа, дәл дамудың дағдарысы деп айтуға болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Global Challenges Summit 2018 форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"2007-2008 жылдардан басталған үлкен дағдарысты, басқасы басқа, дәл дамудың дағдарысы деп айтуға болады. Осы жерде көрсетілген фильмде адамзаттың дамуының 5 формациясы (қоғам дамуының белгілі бір кезеңі - авт) туралы айтылды. Олардың соңғылары - капитализм, бесіншісі - социализм. Егер дұрыстап қарайтын болсақ, сарапшылар да айтып жатқандай олардың бәрі де шарықтау шегіне жақындап келеді. Біз оны көріп те, тыңдап та отырмыз", - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, әлемде қазір мүлде жаңа формация қалыптасып келеді.

"Алдыңғы формациялардың бәрі де қантөгістер мен соғыстар арқылы келді. Ал шынтуайтына келгенде сол соғыстар бүгін де - Таяу Шығыста, әртүрлі елдерде, Сирияда, Солтүстік Африкада, Иракта болып жатқан жоқ па? Демек, Global базасында дайындалып, бүкіләлемдік бірлестіктер талқылағаннан кейін ортақ шешім табуға біз катаклизмсіз қол жеткізе аламыз", - деді президент.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысы басталды. XI Астана экономикалық форумы елордада 17-19 мамыр күндері өтеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу