Орталық Америка жағалауларында жер сілкінісі болды

459

Цунами қаупі жоқ.

Орталық Америка жағалауларында жер сілкінісі болды Фото: Пятый канал

Тынық мұхитының Сальвадор, Гондурас пен Никарагуа жағалауында 6,8 баллдық жер сілкіністері тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Сальвадордың қоршаған ортаны қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Қорытынды деректер: Усулутан жағалауына қарама-қарсы 6,8 баллдық жер сілкінісі. Эль-Эспино жағажайынан оңтүстікке қарай 66 шақырым жерде, тереңдігі 51 шақырым. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Сальвадор үшін цунами қаупі жоқ", - делінген министрліктің Twitter-дегі блогында.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, зілзала ошағынан жағалаудағы ірі елді мекендерге дейінгі қашықтық кемінде жүз шақырымды құрайды.

Елдің азаматтық қорғаныс қызметі жер асты дүмпулерінің салдарын зерттеп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу