Орталық Америкадағы 4 ел жарықсыз қалды

1162

Электр желісіндегі іркіліс Никарагуада басталып, бұл ақау орталықамерикалық энергетикалық интеграциясының (SIEPAC) жүйесіне әсер еткен.

Орталық Америкадағы 4 ел жарықсыз қалды

Гондурас, Гватемала, Никарагуа және Сальвадор елдері апат салдарынан электр қуатынсыз қалды. Бұл туралы Гондурастың Ұлттық энергетикалық компаниясы жариялады. 

Дерек бойынша, электр желісіндегі іркіліс Никарагуада басталып, бұл ақау орталықамерикалық энергетикалық интеграциясының (SIEPAC) жүйесіне әсер еткен. Жүйе операторлары мен ENEE мамандары қазір қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, маусым айының ортасында Аргентина мен Уругвай тұрғындары толықтай жарықсыз қалған еді. Ол кезде Бразилияның оңтүстігі мен Чилидің бірқатар қаласы электр қуатынан ажыраған болатын. 
Мамандардың айтуынша, апатқа Аргентина жағалауындағы қос электр станциясы арасындағы тасымалдау жүйесінің істен шығуы себеп болған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу