ҚР ІІД-нің орталық әскери-медициналық комиссиясының басшысы пара алған, деп хабарлайды Елода Инфо Алматы ауданының №2 аудандық сотына сілтеме жасап.
"Азамат И. ҚР ІІД-нің Орталық әскери-медициналық комиссиясының басшысы бола отырып, материалдарды жылдам қарастыру мақсатында азаматша Т.-дан 200 000 теңге сомасында пара алған" делінген аталған ақпаратта.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен И.-ға, ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі бойынша алынған пара көлемінің алпыс еселенгенге дейінгі мөлшері - 12 000 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу