Орталық Азия аймағында Экономикалық ынтымақтастық институты құрылады

Депутаттар келісімді мақұлдады. 

Орталық Азия аймағында Экономикалық ынтымақтастық институты құрылады Фото: Егемен Қазақстан

Мәжіліс Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялады.

"Жоба өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысу, өңірде бірлескен жобаларды іске асыру үшін ОАӨЭЫ-ға мүше елдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі функцияларға ие болады", – деп түсіндірді мәжілісмендер.

Еске сала кетсек, 22 сәуір Мәжіліс Бюросы отырысында депутаттарға "Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы ұсынылды. Ол жобаларды жүзеге асыруға, мүше мемлекеттердің өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуын кеңейтуге және олардың әлеуетін жақсартуға бағытталған Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының толыққанды мүшесі болу арқылы жеңілдетілген экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу