Орталық Азия арқылы әлемдік нарыққа жол ашуға болады

833

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құруды ұсынды.  

Орталық Азия арқылы әлемдік нарыққа жол ашуға болады

Өзбекстан басшысы ұйымға мүше мемлекеттер дамудың жаңа дәуірінде кез келген сын-тегеурінге дайын болуға тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Түркі кеңесі өзінің инвестициялық қорын жасақтап, Даму банкін ашатын уақыт келді. Осыған қатысты нақты жұмыс бастауға дайынбыз. Бұдан бөлек көлік-транзит бағытындағы әлеуетімізді дамытудың маңыздылығы артып келеді. Оған өңіріміздің барлық мүмкіндігі де, әлеуеті де жетеді. Орталық Азия арқылы Қытай, Үндістан, Пәкістан сынды әлемдік нарыққа шығар жол ашуымыз қажет. Ал Әзербайжан мен Түркия арқылы Еуропа елдеріне шығуға болады. Бұл үшін инфрақұрылымдық жоба қажет", – деді Шавкат Мирзиёев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу