Орталық Азия бойынша ең қолжетімді ұялы байланыс пен мобильді интернет елімізде - зерттеу

666

Бір жылда республикада мобильді кең жолақты интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы да артқан. 

Орталық Азия бойынша ең қолжетімді ұялы байланыс пен мобильді интернет елімізде - зерттеу Фото: google

Халықаралық телекоммуникация одағының (International Telecommunication Union, ITU) 2022 жыл бойынша деректеріне сәйкес,  Қазақстанда ұялы байланыс пен мобильді интернетке қолжетімділік Орталық Азиядағы көршілес елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары, деп жазады Inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Мысалы, былтыр елімізде жан басына шаққанда мобильді байланыс шығындары жалпы ұлттық табыстың 0,52%-ын құрады. Өзбекстан мен Түрікменстанда көрсеткіштер елімізден айтарлықтай ерекшеленбесе (тиісінше 0,59% және 0,6%), онда Қырғызстанда бұл шығындар 2,8 пайызға жетті. Ал, Тәжікстанда жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 3,39%-ын құраған. Әлемде орташа көрсеткіш – 0,9%, ТМД елдерінде – 0,6%.

Мобильді интернетті қарастырар болсақ, елімізде ай сайын 2 Гб жылдық тариф жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 0,83%-ын құрады. Өзбекстанда – 0,85%, Қырғызстанда – 1,21%, ал Түркіменстан мен Тәжікстанда әлдеқайда жоғары (тиісінше 2,34% және 4,76%). Әлемде орташа көрсеткіш 1% болса, ТМД елдерінде 0,9% құрады.

Ресурстың жазуынша, Орталық Азия елдері арасында ең жылдам мобильді интернет Қазақстанда. SpeedTest мәліметінше, биылғы наурыз айында елде кең жолақты интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы секундына 24,9 Мбит құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18,7 Мбит/сек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу