Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік бар

387

Қазақстан көрші елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алар еді.

Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік бар Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Бірлескен жұмыстың нақты бағыттарына қатысты өзімнің ұсыныстарымды ортаға салғым келеді. Елдеріміз арасындағы сауда-саттық қарқынын дәйекті түрде ұлғайту қажет. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар екені байқалады. Жоғарыда атап өткенімдей, аймақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда тұрақты түрде өсіп келеді. Біздің елдеріміздің өзара тауар айналымын алдағы уақытта 15 миллиард долларға дейін жеткізу үшін мол мүмкіндік бар", деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алатынын айтты.

"Елдеріміздің іскер топтары сауда айналымын кеңейтетін негізгі жетекші күш болуға тиіс деп санаймын. Сондықтан, менің ойымша, оларға қолайлы орта қалыптастыру жұмысына баса мән беру керек. Кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату үшін тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынамыз. Мысалы, оны Central Asia Gateway порталы аясында іске асыруға болады", - дейді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу