Орталық Азия елдері басшыларының келесі кездесуі Ташкентте өтеді

931

Орталық Азия елдері басшыларының келесі кездесуі Ташкентте өтеді

Орталық Азия елдері басшыларының келесі жұмыс кездесуі 2019 жылдың наурызында Өзбекстанда өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Келесі кездесу келесі жылы, Наурыз қарсаңында Ташкентте өтеді. Біз кезек-кезекпен әрбір астанада кездесіп отыруға уағдаластық. Наурыз біздің мейрамымыз және символдық мәні бар. Біз бір-бірімізді құттықтайтын боламыз", - деді елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да айрықша назар аударылғанын баса айтты.

"Бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан ары арттыра түсу қажет. Кеңес заманында аталған байланыс тұралап қалған болатын. Оны қайта қалпына келтіру қажет. Орталық Азия елдері мәдениетінің фестивалін, жастар кездесуін, спорттық кездесулерді,  студенттер алмасуын, өңірдегі туризмді дамыту қажет. Осы жиында бұл мәселелердің барлығын талқыладық және нақты жұмыс болады деп сенемін", - деді ҚР президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу