Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде үш құжатқа қол қойылды

508

Осыған дейін Тоқаев Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі диалогты 2024 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынған еді.

Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде үш құжатқа қол қойылды Фото: akorda.kz

Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар құжатқа қол қойылды.

Саммит қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар:

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;

Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу