Орталық Азия елдеріндегі кедейлікке қарсы күреске 60,3 миллион теңге бөлінбек

771

Орталық Азия елдеріндегі кедейлікке қарсы күреске 60,3 миллион теңге бөлінбек

2016 жылы Қазақстанда кедейлікке қарсы күреске 17 млрд теңге бөлінсе, биыл осы мақсатта 50,7 млрд теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк тағы 23 млрд теңге қарыз бермек, деп хабарлайды naryk.kz.

2016 жылы бөлінген қаражаттың 80 пайызы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына, білім беру мен бизнесті қолдауға жұмсалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азия елдеріндегі кедейлікке қарсы күрес үшін донор ретінде 60,3 млн теңге бөлмек.

Салалар бойынша ең көп қаржы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 6,6 млрд теңге бөлінсе, соның ішінде  Қызылорда(3,4 млрд теңге), СҚО (1,5 млрд теңге), Павлодар (0,9 млрд теңге), Ақтөбе (0,4 млрд теңге), Қостанай  (0,2 млрд теңге) және Жамбыл облыстарына (0,18 млрд теңге) бөлінді.

Ал білім беруге 3,8 млрд теңге, кәсіпкерлікті дамытуға 3,3 млрд теңге, ауыл шаруашылығына 1,2 млрд теңге және денсаулық сақтауға 0,2 млрд теңге бөлмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу