Орталық Азия елдерінің бірі ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады

1238

Бүгін Қырғызстанда "Өзара іс-қимыл-2024" Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің әскери оқу-жаттығулары басталды.

Орталық Азия елдерінің бірі ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады Фото: odkb-csto.org

ҰҚШҰ-да Орталық Азияда жедел әрекет етудің ұжымдық күштерін өрістету және қолдану қажеттілігі талқыланды. Бұл туралы ұйым штабының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Орталық Азия өңірінде ҰҚШҰ-ның жедел ден қою ұжымдық күштерін орналастыру және қолдану бойынша ұсыныстарды дайындау мәселелері 3-4 қыркүйек аралығында Мәскеудегі Біріккен штаб пен ҰҚШҰ Хатшылығының дағдарысқа ден қою орталығы базасында бірлескен жаттығуы барысында пысықталуда. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының жедел топтары бейнеконференция режимінде бірлескен жаттығуға қатысады", - деді ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владислав Щегрикович.

Оның айтуынша, оқу жағдайына сәйкес ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесіне дағдарысты реттеу үшін әскери әрі әскери-техникалық көмек көрсету туралы ұйымға мүше мемлекеттердің бірінің президенті өтініш білдірген.

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ күштерін оқыту шеңберінде ұйымға кіретін мемлекеттердің жұмыс органдары мен жедел топтары дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауда. Шешімдердің жобалары Қырғызстан аумағында "Өзара іс-қимыл-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығулары, "Іздеу-2024" және "Эшелон-2024" арнайы оқу-жаттығулары барысында қолдануға негіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу