Орталық Азия елдерінің СІМ басшылары Токиода Жапония Премьер-министрімен кездеседі

504

Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері Токиода Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізу үшін жиналады. 

Орталық Азия елдерінің СІМ басшылары Токиода Жапония Премьер-министрімен кездеседі Фото: orient.tm

Бұл туралы бүгін жапондық "Асахи" газетінде хабарланды, дем жазады inbusiness.kz.

Басылымның хабарлауынша, кездесу 23 желтоқсанда өтеді. Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің — Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түрікменстанның СІМ басшылары Жапония астанасына сапар шегеді.

Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздердің тақырыбы Орталық Азия мен Жапония мемлекеттері көшбасшыларының кездесуіне дайындық жұмыстарын пысықтау болмақ. Осы іс-шара қарсаңында Жапония Парламентінде Жапония мен ОА елдері арасындағы достықты қолдайтын Депутаттар қауымдастығы құрылды. Оны үкіметті басқарушы либералды-демократиялық партия төрағасының орынбасары, бұрынғы премьер-министр Таро Асо басқарды.

Жапония мен Орталық Азия елдерінің СІМ басшыларының тұрақты консультациялары 2004 жылы басталды. Пандемияға кезіндегі шектеулерге байланысты байланыстар уақытша үзілді. Қазір бетпе-бет жүздесуге жақсы мүмкіндік туып отыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу