Қырғызстан көшбасшысы Садыр Жапаров форум аясында сөз сөйлеп, Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.
"Өкінішке орай, әлем бойынша климаттың өзгеруінен туындайтын проблемалар біздің өңірде ерекше айқын байқалады. Әсіресе, түрлі табиғи катаклизмдердің артуы әлеуметтік экономикалық мәселерді туындауына және азық-түлік тапшылығына әкелуі мүмікін. Сондықтан қазір біздің аймақта жасыл экономикаға көшу, климаттық өзгерістерге икемделу, су және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану аса маңызыдылыққы ие болып отыр. Соның ішінде су тапшылығы бөлек қарастырылуы тиіс", - деді Садыр Жапаров.
Сондықтан ол Орталық Азия өңірінің халықтары арасындағы Өңірлік кооперацияның маңыздылығын атап өтті. Табиғи ресурстардың үлкен қорлары, елеулі демографиялық әлеует, транзиттік мүмкіндіктер өңірдің жаһандық әріптестермен ынтымақтастығы үшін барлық жағдай жасайды.
"Біз ортақ өткенімізді мақтан тұтамыз, дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызда ұқсастықтар көп, менталитетіміз жақын деуге болады. Тарих пен мәдениет-бұл біздің ортақ игілігіміз, Орталық Азия халықтарының маңызды бәсекелестік артықшылығы. Қырғызстан жасыл, экологиялық таза, бейтарап экономика қағидаттарын нығайтуға өз үлесін қосуға дайын. Келісілген саясат және осы бағыттағы іс-қимылдарымызды үйлестіру өңірдің жалпы тұрақтылығына әкеледі", - деп түйіндеді өз ойын Қырғызстан Президенті.