"Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекет басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті

544

Саммиттің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған

"Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекет басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті

"Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара Сиань қаласындағы Лотос саябағында өтті.

Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.

Одан кейін мемлекеттер басшыларының бірлескен суретке түсу рәсімі өтті.

"Орталық Азия – Қытай" саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу