Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары VII Консультативтік кездесуде бірқатар құжаттарға қол қойды

129

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары VII Консультативтік кездесуде бірқатар құжаттарға қол қойды Фото: Ақорда

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесі; 

2. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі; 

3. Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім. 

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды: 

1. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;

2. Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу