2022 жылы Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бойында орналасқан елдермен тауар айналымы 19,4% артып, 13,83 трлн юанды (қазіргі валюта бағамы бойынша шамамен 2,05 трлн доллар) құрады. Соңғы бір жылда Қытайдан "Бір белдеу, бір жол" елдеріне экспорты 7,89 триллион юань (1,17 трлн доллар), Қытайға импорт - 5,94 триллион юань (882,6 миллиард доллар) болды.
2022 жылы Орталық Азияның бес елі мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 45,4%-ға, Қытай мен АСЕАН арасындағы тауар айналымы 15%-ға өсті.
Қытай кеденінің статистикасына сәйкес, 2022 жылы Қытай "Белдеу және жол" бойындағы елдерден энергетика және ауыл шаруашылығы өнімдері импортын тиісінше 58,8%-ға (2,46 трлн юань (шамамен 365,5 млрд доллар) және 13,4%-ға (370,4 млрд юань (55,03 млрд доллар) ұлғайтты.