Орталық Азия мен Үндістан Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды

594

"Орталық Азия – Үндістан" диалогының екінші отырысы өтті.

Орталық Азия мен Үндістан Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция режимінде Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен "Орталық Азия – Үндістан" диалогының екінші отырысына қатысты. Талқылауға Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмар да қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту және тұрақты өсуді қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді көпжоспарлы өзара іс-қимылды кеңейту, мемлекетаралық байланыстарды тереңдету мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың, осы форматқа қатысушы мемлекеттердің көліктік өзара байланыс жөніндегі бастамаларын іске асырудың, сондай-ақ өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға өзара көмек көрсетудің перспективалары қаралды.

Министрлер сыртқы саяси ведомстволардың күш-жігерін көпжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына шоғырландыруға, экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Орталық Азия мемлекеттері мен Үндістанның көпжоспарлы ынтымақтастығының жандануы көпғасырлық достық, өзара құрмет пен пайда дәстүрлеріне сәйкес ортақ мүдделерге жауап береді және әлеуметтік-экономикалық прогрестің, өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мен Үндістан Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу