Орталық Азия – ШЫҰ-ның негізгі тірегі

174

Астана декларациясында көрсетілгендей, ондыққа мүше мемлекеттер Орталық Азияның ШЫҰ-ның негізгі тірегі екенін растайды. 

Орталық Азия – ШЫҰ-ның негізгі тірегі Фото: Ақорда

Олар өз елдерінде және жалпы өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін қолдайды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар құжатта қатысушы елдер Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерін тұрақты негізде өткізуді құптайтыны және осы өңірдің тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі нығайтуда ШЫҰ-ның белсенді рөлін қолдайтыны айтылған. 

Мүше мемлекеттер сондай-ақ ШЫҰ мен Орталық Азия елдерін дамытудың стратегиялық мақсаттары бір-бірін өзара толықтыратынын атап көрсетеді.

Бүгін Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелері отырысында Астана декларациясы қабылданғанын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу