Орталық Азия жаһандық бизнес-хабтармен қамтылмаған - Қайрат Келімбетов

885

Орталық Азия жаһандық бизнес-хабтармен қамтылмаған -  Қайрат Келімбетов

Азияға қарай бет алған экономикалық гравитация Орталық Азияға да ойысатын болады. Бұл туралы ХІ Астана экономикалық форумында "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі таңда біз жаһандық сындардың екі бағытын айқын көріп отырмыз. Бірінші жағынан, экономикалық гравитация қазір бұрынғы орындардан Азияға қарай беттеп келеді. Стратегиялық картаның зерттеуіне сүйенсек, жаңа экономикалық дамудың осы гравитациясын анық байқаймыз. Ол Орталық Азияға да ойысатын болады. Сондықтан, Орталық Азияға да жаһандық қаржылардың енгені маңызды. Міне, осы себепті АХҚО-ның құрылуы - алға қарай жылжуды көздеген бағыттағы қадамдардың бірі болып табылады", - деді Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, екінші жағынан бүгінгі күнгі қаржы орталықтарының жүйесі айтарлықтай өзгеріп жатқан жоқ.

"Менің ойымша, үлкен төрттік (Нью-Йорк, Гонк-Конг, Сингапур, Лондон) бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біз қазір БРЕКСИТ-тен кейін қандай бір өзгерістер орын ала ма, жоқ па немесе қаржылық бағыт Еуропаның басқа да қалаларына жылжи ма, соны кеңінен талқылаған едік. Міне, осы тұрғыда ешқандай өзгерістердің жоғын байқап отырмыз. Біздің көзқарас бойынша, осы сұрақтарды Орталық Азия деңгейінде талқылайтын болсақ, өкінішке қарай ОА аймақтық және жаһандық бизнес-хабтармен қамтылмаған. Сондықтан, біз бизнес хаб пен қаржы орталығын дәл осында құруды көздеп отырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан 20 жыл бойы Лондон, Нью-Йорк, Мәскеудегі қаржы орталықтарымен қамтылып жатқан. Бірақ, дәл қазір Қазақстан бәсеке түсіп, Орталық Азияны осы бағытта қамтуды көздеп отыр. Астана Халықаралық қаржы орталығы бұл ретте үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

"Екінші жағынан "бір белдеу - бір жол" бағытына маңыз берудеміз. Себебі, соңғы 40 жылда Қытай экономикасының қатты қарыштап дамып жатқанын көріп отырмыз. Олар экономикасының есігін ашып, реформалар жүргізіп, экономикасының рөлі күннен күнге артып келеді. Қаржы орталықтары Гонк-Конгпен бірге Шанхайда да ашылмақ. Сондықтан, бұл қадам Қытайға ауқымды экономикалық өсім беріп, өзге де қаржы орталықтарымен байланысты күшейтуіне жол ашады. Демек, ОА ішінде "Астана" ХҚО маңызды рөлді атқара алады", - деп  түйді Қайрат Келімбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу