Орталық Азия жалпы ішкі өнімінің 60 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясында өткен "Самұрық-Қазына" қорын жекешелендіру бағдарламасының өркендеуі және оның ел экономикасындағы рөлі" тақырыбындағы сессия барысында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның стратегиялар мен активтер портфелі бойынша басқарушы директоры Балжит Гревал айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан экономикасы жаңадан құрылғанына қарамастан өте белсенді. Бұл ел жас мемлекет болғанына қарамастан Орталық Азияның жалпы ішкі өнімінің 60 пайызын құрап отыр", - деді ол. Сонымен қатар ол Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан ең бірінші болып халықаралық ұйым рейтингісін иеленгендігін баса айтты.
"Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Әртүрлі серіктестермен екіжақты өзара қарым-қатынасты дамытуда", - деп атап өтті басқарушы директор.
Мұнан бөлек, ол "Самұрық-Қазына" қорын трансформациялау бағдарламасына тоқталып өтті. "Біз үздік әлемдік тәжірибені енгізіп, ең жоғары процесстер мен технологияларды дамытудамыз. Мұнан бөлек, отандық экономика алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді де қолдап отырамыз. Біз акция құнын одан ары да арттыра түсеміз. Бұл өнімділік бойынша жоғары мақсаттарды өз алдымызға міндет ретінде жүктейтіндігімізді білдіреді", - деді Балжит Гревал.