Ауылдық жерлерде де абоненттер саны 6,5%-ға артқан.
Бүкіл әлемдегі интернет-қосылыстың жылдамдығы мен өнімділігін тексеретін Speedtest Global Index деректері бойынша, Қазақстанда тіркелген интернеттің орташа жылдамдығы бір жыл ішінде секундына 50,74 мбиттан секундына 62,04 мбитке дейін өсті. 2021 жылғы қазанда бұл Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып тіркелді.
Интернет жылдамдығы бойынша Қырғызстан (секундына 50,64 Мбит.), Өзбекстан (46,94 Мбит сек.), Тәжікстан (32,96 Мбит сек.) және Түрікменстан (3,91 Мбит сек.).
Cable.co.uk зертеуіне сәйкес, Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстанда 2020-2021 жылдары баға да төмен болған.