Алматы облысындағы Іле ауданында "Groud Master-400" толқынында сантиметрлік диапозон бойынша жұмыс істейтін үш координатты радиолокациялық станциялар жасайтын кәсіпорын ашылды. Франциялықтармен бірлесе түзілген жоба Қазақстан әуе күштерімен қатар, көрші мемлекеттердің де қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отыр.
Қазақстанда шығарылатын радиолокациялық станциялар – техникалық сипаттамасы бойынша әуе кеңістігін бақылауға арналған әлемдегі ең үздік үлгінің бірі болмақ. Кәсіпорын жұмысын қолға алған "Гранит-Талес Электроникс" серіктестігінде 150 жұмыс орны ашылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу