Орталық Азияда ересектердің 45 пайызы ғана банктік есепшотқа ие – Кристин Лагард

787

 Бұл нарығы енді қалыптасып жатқан өзге мемлекеттерден орташа алғанда 20 пайыздайға төмен. 

Орталық Азияда ересектердің 45 пайызы ғана банктік есепшотқа ие – Кристин Лагард

Халықаралық валюта қоры техникалық көмек және әлеуетті дамыту бағдарламалары көмегімен өңір мемлекеттерін қолдауын жалғастыра беретін болады. Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард осылай деді.

"Атап айтқанда, біз осы өңірде "Оқу орталығын" құруды ұсынамыз. Бұдан бөлек, өңірдегі коррупцияға қарсы тұру проблемаларын шешу қажет деп санаймыз. Сонымен бірге, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайту үшін қолайлы жағдайлар қалыптасуда. Құқықтық-экономикалық кедергілер жойылса, мемлекеттік шешімдер қабылдау деңгейлерінде жастар мен әйелдер де өз позицияларын күшейте алады", – деді ­ XII АЭФ аясында.

Ол Қазақстанда үкімет пен жеке бизнестің күш салуы арқасында әйелдердің экономикаға араласуы кей салада 65 пайыздан асатынын айтады.

"Бұл – аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш және өзге мемлекеттер үшін эталон. Тағы бір түйткіл, елдегі қаржылық сектор сенімді, ал оның қызметтері жалпыға бірдей қолжетімді болуға тиіс. Өйткені Орталық Азияда ересек азаматтардың небәрі 45 пайызы ғана банктік есепшотқа ие. Бұл нарығы енді қалыптасып жатқан өзге мемлекеттерден орташа алғанда 20 пайыздайға төмен. Бұл – өңірде іске жаратылмаған, ғаламат әлеует барлығын куәландырады", – дейді ол­

Лагардтың пікірінше, егер Орталық Азия заманауи қаржылық технологияларды жете пайдалана алса, онда оның жағдайы елеулі түрде жақсарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу