Орталық Азияда төтенше жағдайды хабарлайтын бірыңғай жүйе құру ұсынылды

514

Душанбеде Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының кеңесі өтіп жатыр.

Орталық Азияда төтенше жағдайды хабарлайтын бірыңғай жүйе құру ұсынылды

Кездесуде Ильин ТЖ қаупі және туындауы туралы ерте құлақтандыру мен өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін құру жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық ТЖМ баспасөз қызметінде айтылғандай, бұл бастама сейсмикалық, сел, көшкін басқа да табиғи апаттар қаупі жоғары жерлерде ТЖ туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік беріп, шығынды азайтуға көмектеседі.

Кеңеске қатысушылар аталған ұсынысты қолдады. Жүйе тек сейсмикалық датчиктерді ғана емес, сонымен қатар өңір елдеріндегі жағдайдың мониторингін жүргізетін қолданыстағы жүйелерінің метеорологиялық, гидрологиялық және басқа датчиктерін біріктіруді көздейді.

 "Тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз етуде заманауи тәсілдерді енгізу мәселелерінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастыққа үлкен мән бере отырып, біз өңір елдеріндегі әріптестерімізбен екіжақты және көпжақты негізде тығыз және практикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударамыз", – деді Ю.Ильин.

Кеңес аясында Ю.Ильиннің БҰҰ Еуропа мен Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасының Өңірлік кеңсесінің басшысы Октавин Биволмен және БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясинмен, Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды басқару агенттігінің Вице-Президенті Исмаил Палакоглумен екіжақты кездесулері өтті, онда ТЖ алдын алу және жою ісіндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу