Орталық Азияда төтенше жағдай кезінде хабарлайтын бірыңғай жүйе құрылады

504

Мұндай бастаманы Қазақстан ТЖМ басшысы Юрий Ильин көтерді. 

Орталық Азияда төтенше жағдай кезінде хабарлайтын бірыңғай жүйе құрылады

Министр аймақтағы елдерде кез келген төтенше жағдай туралы шұғыл хабар тарататын жүйені құруды ұсынып, қауіп-қатер туындағанда өзара хабардар болудың маңыздылығын атап өтті.

Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің ТЖ ведомстволары басшыларының кеңесінде Төтенше жағдайлар туралы хабарлаудың бірыңғай Орталық Азия жүйесін құру ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Sputnik Тәжікстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық ТЖМ баспасөз қызметінде айтылғандай, бұл бастама сейсмикалық, сел, көшкін басқа да табиғи апаттар қаупі жоғары жерлерде ТЖ туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік беріп, шығынды азайтуға септеседі. Кеңеске қатысушылар ұсынысты қолдады. Жүйе тек сейсмикалық датчиктерді ғана емес, сонымен қатар өңір елдеріндегі жағдайдың мониторингін жүргізетін қолданыстағы жүйелерінің метеорологиялық, гидрологиялық және басқа датчиктерін біріктіруді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу