Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің ведомства басшылары Ташкентте бас қосты

1003

Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің ведомства басшылары Ташкентте бас қосты

Қазақстан Ауғанстан халқының бейбіт өмір сүріп, тұрақты даму жолына түсуін қалайды. Еліміз келесі жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы кезінде дәл осы мәселені көтермек, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы Ташкентте өткен ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлер кеңесінің мәжілісінен кейін Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің ведомства басшыларының өзара басқосуы кезінде Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Еліміздің Сыртқы істер министрі әріптестерін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті. Тараптар кездесу барысында бауырлас елдер арасындағы байырғы заманнан жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынас пен саяси экономикалық әріптестік және сауда-саттықты нығайту жағын талқылады. Келелі кеңесте су, энергетика, көлік және логистика, мәдениет салаларындағы байланыстарды жандандыру жағы талқыланды.

"Уақытында Н.Ә. Назарбаев өзінің БҰҰ мүшелеріне саяси үндеуінде осы Орталық Азияны үлкен бір бейбітшілік қауіпсіздік және даму өңіріне айналдыру туралы бастама жасаған болатын. Қазір біз сол бастаманы іске асыру бойынша практикалық әр түрлі шараны талқыладық. Атап айту керек, Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері біздің бастамаларымызға үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз осы Орталық Азиядағы соңғы кезде бәріміз байқап отырған позитивті тенденцияны күшейтіп оны алға апару болып табылады", – деді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу