Аталған рейтингті құрастырған Oxford Economics әлемдік деңгейдегі тәуелсіз экономикалық-зерттеу ұйымы. Сарапшылар әлемнің 1 000 ірі қаласын экономика, адами капитал, өмір сапасы, экология және басқару секілді бес санат бойынша бағалаған.
Жалпы рейтингте Алматы 258-орынға жайғасса, адами капитал бойынша әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына еніп, 64-орыннан көрінді. Осы көрсеткіштер бойынша Алматы Орталық Азияда көш бастап тұр.
Сондай-ақ Қазақстанның тағы екі ірі қаласы рейтингке енді:
- Астана — 276-орын;
- Шымкент — 534-орын.
Орталық Азия қалаларының рейтингі келесідей:
- Алматы – 258-орын
- Астана – 276-орын
- Ташкент – 471-орын
- Бішкек – 498-орын
- Шымкент – 534-орын
- Ашхабад – 623-орын
- Душанбе – 683-орын
Әлемнің үздік он қаласы:
- Нью-Йорк
- Лондон
- Париж
- Сан-Хосе
- Сиэтл
- Мельбурн
- Сидней
- Бостон
- Токио
- Сан-Франциско