Бүгін "Халықаралық Алматы әуежайының" директоры Айбол Бекмұхамбетов журналистермен кездесті. Кездесуде билет бағасына қосылатын алым туралы сөз болды.
Спикердің сөзінше алым жолаушының терминал мен жылыту және жарықтандыру, т.б. қызметтер үшін қосымша төленетін ақы. Қазірде ішкі рейстер үшін билетке қосымша қосылатын алымның құны 406 теңгені құрайды,ал халықаралық рейстерге 1899 теңге. Бішкекке ұшатын ұшақтарға - 4,7 мың теңге, Мәскеу билеттеріне - 3,2мың теңге, Стамбулға -4,7 мың теңге, Дубайға -6,4 мың теңге, Гонконгке - 4860 теңге болып отыр деді ол.
"Алматыда бұл алым Орта Азияның басқа аэропорттарымен салыстырғанда екі есе төмен" - деді әуежай басшысы.
Спикердің айтуынша, егер жаңа терминал жасайтын болсақ, онда билеттің бағасы өседі де, бұл жолаушыларға тиімсіз болмақ. Ал қазір әуежайдың барлық күші 30% ғана жүктемені құрап отыр екен.