Еңбек мигранттары Қазақстанда 136 млрд теңге пайда тауып, өз елдеріне 1 трлн теңге аударған

347

ҚР Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов елге сырттан келетін еңбек мигранттарының санындағы қайшылықтарды атады.     

Еңбек мигранттары Қазақстанда 136 млрд теңге пайда тауып, өз елдеріне 1 трлн теңге аударған Фото: tsargrad.tv

Көлеңкелі экономика мәселесін қарастырсақ, Жоғарғы аудиторлық палатаның аудиті нәтижесінде, көлеңкелі экономиканың кіріс бөлігі бойынша бюджетке әкелетін жанама шығын 74 млрд теңге болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Елімізге жақын орналасқан Орталық Азиядағы үш елдің азаматтары Қазақстанда 3 жылда 136 млрд теңге тапқан. Алайда Ұлттық банктің мәліметі бойынша, осы мерзім аралығында олар өз елдеріне шамамен 1 трлн теңгеге жуық қаражат аударғаны анықталды. Бұл көрсеткіштер – көлеңкелі өнім немесе көлеңкелі қызметтің нақты өндірілгенін көрсететін бірден-бір белгілер, – деді сенатор.

Оның пайымдауынша, осындай тәуекелдерді азайту үшін көлеңкелі экономиканы бағалау тәсілдерін және салық жеңілдіктерінің тиімділігін бақылау әдістерін мұқият қарастыру керек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді. Олар: Қытай – 5054 адам, Өзбекстан – 1926 адам, Түркия – 1079 адам, Үндістан – 1078 адам. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу