Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті 170 млрд. АҚШ долларын құралды

1418

Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен Герман экономикасының 21-ші күні өтті.  

Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті 170 млрд. АҚШ долларын құралды

Іс-шара аясында үш панельдік сессия өткізілді, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нақтырақ айтсақ, "Қазақстан экономикасын трансформациялау", "Логистика және Жібек жолы" және "Инвестицияларды қорғау – заңды және салықтық негіздемелік шарттар". Аталған сессияларда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов сөз сөйледі.
"Қазақстан экономикасын трансформациялау" панельдік сессиясы барысында ҚР экономикасының секторларын әртараптандыру және шикізаттық тәуелділіктен ауытқу, энергияның баламалы көздерін кеңейту, таяу болашақта бағыт перспективасына байланысты ҚР аумағында өндірісті дамыту мәселелері көтерілді. Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұртшылықты, іскер орталарды және қаржы институттарын хабардар ету жөнінде қабылданған белгілі бір қадамдары атап өтілді.
Орталық Азияның инвестициялық әлеуеті 170 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан негізгі үлесі – 100 млрд. доллар. Сонымен қатар, экономиканың түрлі секторларындағы стартаптарды жеткіліксіз қаржыландыруға, ҚР және жалпы әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар ағынының болжамды төмендеуіне назар аударылды. Сарапшылар Қазақстанда "Гермес" сақтандыру компаниясының несие желісінің ашылуын оң бағалады.
"Логистика және Жібек жолы" панельді сессиясында сарапшылар ҚР аумағындағы соңғы өнімдердегі логистика құнының 25 пайыздық маржасын атап өтті, алайда әлемдік стандарт шамамен 11% бағаланып отыр. ҚР логистикасының тиімділік индексінің жақсаруына қарамастан (71-ші орын), ғылым, қоғамдық қауымдастықтар және мемлекеттік құрылымдардың тығыз өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ логистикалық сектордың дигитализациясын дамыту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу