Орталық депозитарийде брокерлік шоттар саны миллионнан асты

Жақында Қазақстан жергілікті қор нарығында бір млн инвесторды қамти отырып, өзінің қаржылық тарихында маңызды кезеңге жетті. 

Орталық депозитарийде брокерлік шоттар саны миллионнан асты Фото: baq.kz

Бұл 2023 жылдың наурызында болды. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1 188 000-нан астам брокерлік шот тіркелген, оның 680 мыңы ұстаушылардың сегрегацияланған қосалқы шоттарына, қалған 508 мыңы агрегацияланған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын брокерлік шоттарға тиесілі.

Жыл басынан бері қосалқы шоттардың өсімі шамамен 130 мыңды құрады. 1 сәуірде қосалқы шоттардың барынша өсуі – бірден 65 мыңға келеді. Бұл, мысалы, бір ай бұрынғыдан екі есе көп.

Елдің қор нарығы соңғы екі жылда реттеуші тарапынан да, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары тарапынан да жергілікті инвесторларды тартуға және Қазақстан азаматтарының қор нарығына қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар реформалар мен бастамалардың арқасында белсенді дамыды. Бұл реформалар цифрландыру құралдарын енгізу, нормативтік-құқықтық базаны жеңілдету және жеке инвесторлар үшін де, институционалдық инвесторлар үшін де жаңа инвестициялық мүмкіндіктер жасауды қамтыды.

"Қор нарығы танымалдылығының артуы қазақстандықтардың өсіп келе жатқан инвестициялық сауаттылығының дәлелі болып табылады. Мысалы, өткен жылдары – 2017 жылдан 2021 жылға дейін – Орталық депозитарийдегі қосалқы шоттардың саны аз қарқынмен өсті және бағалы қағаздар қазақстандықтар үшін қазіргідей тартымды болмады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде (2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шамамен 315 мың қосалқы шот болған. Осылайша, бір жыл ішінде қосалқы шоттардың өсуі 115 % құрады (омнибус-шоттарды қоспағанда). Бұл барлық уақыт кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш", - деді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Әділ Мухамеджанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу