Орталық депозитарийдегі брокерлік шоттар саны 1,8 млн-ға жетті

Оның 684 мыңы Орталық депозитарийде ашылған инвесторлардың сегрегацияланған қосалқы шоттары

Орталық депозитарийдегі брокерлік шоттар саны 1,8 млн-ға жетті Фото: 7kun.kz

2023 жылдың 1 маусымында Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1 870 000-нан астам шот тіркелген, оның 684 мыңы Орталық депозитарийде ашылған инвесторлардың сегрегацияланған қосалқы шоттарына, қалған 1 186 мыңы активтері агрегирленген омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын инвесторлардың брокерлік шоттарына тиесілі. 

Омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын брокерлік шоттардың күрт өсуі Орталық депозитарийдің өз депоненттері үшін сегрегацияланған шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздарды агрегирленген омнибус-шотқа пакеттік аударым бойынша жаңа қызметті енгізуімен түсіндіріледі. 

Пакеттік аударымның арқасында депоненттер қаржы құралдарын әрбір жеке инвестордың атына ашылған сегрегацияланған шоттардан XML форматындағы бір бұйрықты беру арқылы агрегирленген омнибус шотқа аудара алды. Орталық депозитарий XML-файлды депоненттен Орталық депозитарийге және Орталық депозитарийден KASE-ге жіберу және өңдеу рәсімін толықтай автоматтандырды.

Бағалы қағаздардың пакеттік аударымы жөніндегі қызметтер омнибус-шоттарға көшу кезінде ғана емес, сондай-ақ шоттар арасындағы қаржы құралдарының басқа да көлемді аударымдары шеңберінде, мысалы, KASE ресми тізімінен бағалы қағаздарды шығару кезінде де талап етіледі деп күтілуде.

Қазақстандық депоненттер арасындағы омнибус-шоттардың танымалдығы брокерлер мен банктер үшін омнибус-шоттарды жүргізу құны Орталық депозитарийдегі әрбір клиент үшін жеке қосалқы шотты жүргізу құнынан төмен болуымен байланысты. Омнибус шотында орындалатын барлық транзакциялар брокердің атымен көрсетіледі, ал осы шот арқылы операция жасайтын инвесторлардың мәліметтері ашылмайды. Мұның бәрі мәмілелерді тіркеу және бағалы қағаздарды есепке алу тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ операциялардың жылдамдығын арттырады және қағаздарды есепке алу құнын төмендетеді.

"Омнибус-шоттар – бұл реттеушінің бағалы қағаздар иелерінің меншік құрылымының ашықтығын сақтау жөніндегі талаптарын ескере отырып, біз жергілікті нарыққа бейімдеген халықаралық тәжірибе. Жүйе реттеуші әрқашан Орталық депозитарий және мемлекеттік деректер базасы арқылы аталған омнибус-шоттар деректеріне және бағалы қағаздар иелері туралы мәліметтерге қол жеткізе алатындай етіп құрылған, ал Орталық депозитарийдің өзінің бұл ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі", - деп атап өтті Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Омнибус-шоттар бойынша алғашқы сауда-саттық 2022 жылдың қаңтар айынан басталып, бір жарым жыл ішінде брокерлік шоттар саны млн-нан асты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу